Сана түзелсе, адам түзеледі
Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті және жастар ресурстық бастамалар орталығы бірлесе отырып, Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын таныстыру мақсатында «Жеті рухани қазық» тақырыбында насихат-форумын өткізді.

Форумның негізгі мақсаты: қоғамда рухани құндылықтарды насихаттап, өскелең ұрпаққа имани тәлім-тәрбие беру, дәстүрлі ислам құндылықтарын олардың бойына сіңіру.

Жиын модераторы– Жастар ресурстық орталығының директоры Аманкелді Ахметжанов Нұр-Сұлтан қаласында өткен форум туралы айтып берді.
Осы басқосуда қала әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров «Сана түзелсе – адам түзеледі» деген тақырыпта, «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы дініміздегі асыл құндылықтар хақында баяндама жасады.


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі