Байқауға қатысуға асығыңыз!

«Қостанай облысының меценаттар клубы» КҚ «Қазына» және «Шабыт» сыйлығы үшін мына аталымдар бойынша байқау жариялайды:
  1. "Бейнелеу өнері"
  2. "Әдебиет"
  3. "Театр өнері"
  4. "Музыка өнері"
  5. "Вокал өнері"
  6. "Хореография"
  7. "Журналистика"
  8. "Ғылым"
  9. "Мәдени мұра" (тек «Қазына» сыйлығына)
  10. "Ауыл жанашыры"
  11. "Білім"
  12. "Шығармашылық ұжымның басшысы"
  13. "Спорт"
Байқауға мәдениет және өнер қызметкерлері, шығармашылық ұжым жетекшілері, журналистер, ақындар, жазушылар, ғалымдар, білім беру саласының қызметкерлері, спортшылар, оқытушы-жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт қызметкерлері қатыса алады.
«Шабыт» сыйлығына үміткерлердің жасы 18-35 жас аралығында, ал «Қазына» сыйлығына тілек білдіру үшін жасыңыз 35-тен жоғары болуы керек.
    Байқауға қатысуға ұсынылатын барлық көркем жобалар, жұмыстар, қойылымдар және т.б. 2018 жыл ішінде басылуы, жариялануы, қойылуы, дайындалуы тиіс, жоғары шеберлігімен және  мазмұндылығымен ерекшеленіп, республикалық және халықаралық байқауларда, фестивальдерде танылуы қажет.
Құжаттарды 2019 жылғы 21 ақпанға дейін мына мекенжайлар бойынша ұсыну қажет:
  • «Көркемсурет өнері» аталымы Қостанай қ., Алтынсарин көш., 113-үй ( Сурет галереясы), т. 502-888;
  • «Ғылым» аталымы Қостанай қ., Алтынсарин көш., 115-үй (облыстық тарихи-өлкетану мұражайы), т. 501-113;
  • «Журналистика» аталымы Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 90-үй («Қостанай таңы» газетінің редакциясы) мекенжайы бойынша, т. 54-34-49;
  • «Әдебиет»,«Мәдени мұра» (тек «Қазына» сыйлығына) аталымдары Қостанай қ., Алтынсарин көш., 111-үй (Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы), т. 500-322;
  • «Білім» аталымы Қостанай қ., Гоголь көш., 183-үй, 308-бөлме, (Білім басқармасы), т. 87051991285;
  • «Музыка өнері», «Вокал өнері», «Хореография», «Ауыл жанашыры», «Шығармашылық ұжымның басшысы»,«Театр» аталымдары Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 111А (облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылық орталығы), 307-бөлме, т. 392-395;
  • «Спорт» аталымы Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 83-үй (Дене шынықтыру және спорт басқармасы), 423-бөлме, т. 575-334.
    Анықтама телефоны: 575 – 326 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓