Университетте – жаңа басшы
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне жаңадан ректор тағайындалды. Бұл лауазымды профессор Алма Іргебайқызы Досжанова басқаратын болады. Бұған дейін ол Қостанай политехникалық жоғары колледжінің директоры лауазымын атқарған. Облыстық мәслихат депутаты.

Жаңа басшыны таныстыру үшін Астанадан ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Бибігүл Асылова өңірімізге келді.
– ҚР Білім және ғылым Министрінің 2019 жылдың 24 қаңтарындағы №16 бұйрығына сәйкес Алма Іргебайқызы Досжанова А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. Алма Іргебайқызының есімі Қостанай өңірінде ғана емес, еліміздің білім саласында кеңінен белгілі. Осы білім ордасының түлегі, осында экономика және қаржы факультетінің деканы, экономикалық зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқарды. Білім мен тәжірибеге бай білікті маман өзінен бұрынғы ректорлардың ізін жалғастыра береді деген сенім артамыз, – деді Вице-министр.




Қыдырбек Қиысханұлы