Лисаков қалалық мәслихатының хатшысының төрағалығымен әлеуметтік-мәдени сала және тұрғындармен байланыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті.
Басқосуда «2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының орындалуы талқыға салынды. Жиын барысында Лисаков қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің басшысы Е. Бурдыка жас мамандарды жұмылдыру мәселесіне тоқталды.