“Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер” орденімен марапатталды

ҚР Ұлттық Бизнес рейтингі одағы ұйымдастыру комитетінің шешімімен қаладағы облыстық туберкулезге қарсы ем қолдану диспансері бас дәрігерінің орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын дәрігер» медалінің иегері М. Спандияров "Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер" орденімен марапатталды.
DSCF7924 – Марапат бүгін курьер арқылы жеткізілді. Астана қаласының рейтинг комиссиясының шешімімен мені осындай орденмен марапаттап отыр. Бұл орден жалғыз маған берілген отырған жоқ, сол сияқты біздің туберкулезге қарсы ем қолдану диспансерінің еңбегін бағалағанның арқасында арнайы сертификат та қоса берілген. Бұған біз әрине қуаныштымыз. Қаншама жылғы біздің дәрігерлердің, өзімнің сырқаттарды емдеудегі қызметіміздің арқасы деп білемін. Жылдан жылға елімізде туберкулез көрсеткіші азайып келеді. Мысалы, 2013 жылмен салыстырғанда өңір бойынша ауру саны – 27%, өлім деңгейі – 33% кеміді. Бұл әрине, өзге де әріптестеріміздің ауруды уақытылы анықтап ем қолдануының, ең бастысы халықтың әл – ауқатының жақсарып келе жатқандығының белгісі, – дейді Мұхамбетрахым Спандиярұлы.
DSCF7917DSCF7916
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓