Көлік жууға арналған сұйықтық

Қостанайда жасалатын болды

Стартап-жобасын жүзеге асырмақ болған Владимир Доновский бірнеше ай бойы несие алмай жүрген-ді. Банктер қолдамады. Тек, «АТОМ 777» ЖШС директоры «Atameken Services» порталындағы «Несиелік агрегатор» тегін қызметін пайдаланғасын көзі ашылды. Бизнес туралы бастама Владимир Доновскийдің ойына былтыр түскен. Кәсіпкер Көлік жууға арналған  сұйықтық өндірісін қолға алуды көздейді.

sredstva

– Қостанайда мұндай бизнес жоқ. Көлік жуатын орындар сырттан әкелінген «химияны» пайдаланады. Мен бұл мәселені жан-жақты зерттедім. Сөйтіп, бизнес-жоспар түздім. Бұл өте пайдалы кәсіп. Сұраныс бар.Бағасы көптеген тапсырыс иелерінің көңілінен шығатын тәрізді. Қаладағы бірқатар көлік жуатын орындармен алдын ала келісімге келісім жасасып қойдым,-дейді Владимир Доновский.
Жобаның құны – 10 млн теңге. Кәсіпкер қатарынан бірнеше банктен несие алғысы келген. Бірақ, жолы болмады. Сол кезде ол кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгінді.
– Сөйтсе, кеңседен шықпай-ақ бірнеше банккке тапсырыс беруге болады екен ғой. «Atameken Services» порталындағы «Несиелік агрегатор» осындай мүмкіндік берді. Шындығын айтсам, мұндайды күтпеген ем. Келесі күні екі бірдей банк хабарласты,-дейді кәсіпкер. Владимир Доновский өз бизнесін алдағы екі ай ішінде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
 «Atameken Services» – кәсіпкерлерге алпыстан астам пайдалы, тегін онлайн-қызмет көрсете алады. Кеңеседен немесе үйден шықпай-ақ оқуға, дайын бизнес-жоспар алуға, несиеге тапсырыс беруге, қордаланған мәселелерің туралы шағымдануға болады. Ол үшін бар болғаны services.atameken.kz. тіркелсеңіз жеткілікті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓