Бәрі де салымшылар үшін

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Қостанай облыстық филиалы қызметкерлерінің жұмысы қауырт. Олардың жұмыс тобы аудан-қалалардағы еңбек ұжымдарын араласа, енді бірі шалғайдағы ауылдарға барып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтерін алуды қамтамасыз ету үшін еліміздің азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу. Бұл жолы біздің тілшілер  «БЖЗҚ» АҚ-ның Қостанай облыстық филиалы қызметкерлерінің бір күндік жұмысымен танысып қайтты.
 
Мобильді агент: нақты, жедел, ашық
Мобильді агент – салымшылардың жұмысына барып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін арнайы қызметшілер тобы. Ал салымшы қордағы қаржысын үйде есептеп, интернет арқылы шотын бақылай алады, Бұл қызмет түрінің айырмашылығы әрбір мекемелерге барып, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізеді. Бірақ мобильді агент жұмыс уақытын алдын-ала белгілеп, жергілікті халыққа хабардар етеді.
Қор ұйымдастырған мобильді агенттің бір күндік жұмысы «Қазпошта» Қостанай филиалында жалғасты. Бұл күні қор салымшылары, алушылар мен зейнетақы саласы туралы кеңірек білгісі келген «Қазпошта» Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері қатысты. Мұндай шара күн сайын жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
«БЖЗҚ» АҚ ҚОФ барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Марат Нұғманов,  бірнеше бөлімнің қызметкерлері, өздерімен бірге барлық қажетті техникаларын ала келіп, алдымен қатысушыларға зейнетақы қорындағы енгізілген жаңашылдықтар туралы презентация көрсетті.  Және де салымшылардың жеке сұрақтарына толықтай жауап берді.
– Қазақстан – зейнетақы төлемдерін алу құқығы басталған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуына кепілдік беретін бірден-бір мемлекет. Мәселен, Жапония, Чехия, Словакияда инвестициялық түсімділік нөлге тең, ал Германияда тек зейнетке шығар алдында ғана кірістілік мөлшерлемесі 2,25 пайызды құрайды. Көптеген елдерде жинақталған қорды инфляциядан қорғау кепілдігі жоқ, – дейді Марат Нұғманов.
Айта кету керек, Қазпошта АҚ-филиалында серіктес 30 бөлімше бар. Нақты сол филиалдарда салымшылардың (алушылардың) қосымша деректемелерін өзгерту, толықтыру туралы өтініш беру және хабарландыру тәсілін өзгертуге (белгілеуге) болады. Бұл жолы қор қызметкерлері шараға қатысушыларды зейнетақы жарналарының түрлерімен және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу әдістерімен таныстырды. Олар қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі салымшының үйіне барып, зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінішін қабылдайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда зейнетақы жарналарының 3 түрі бар. Міндетті зейнетақы жарналары азаматтардың, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыс берушілер тарапынан зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің есебіне аударылса, үшінші- ерікті зейнетақы жарналары өзінің зейнет жасын жоспарлап, қарттық шақтағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға ниетті азаматтарға арналған. Салымшыларға өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы біліп отыруы маңызды.
 
Оңтайлы қызмет
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуде. Бүгінде жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Немесе Қор кеңсесіне бару немесе дәстүрлі пошта байланысымен пайдалану міндетті емес. БЖЗҚ-да көптеген қызмет түрлерін санаулы минуттың ішінде үйден шықпай-ақ, электрондық сервистер арқылы алуға болады. Бұл бағытта жасалған алғашқы қадам электрондық пошта болса, қазір БЖЗҚ салымшылары мен алушылары www.enpf.kz сайты жеке кабинет ашуына болады немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзінді – көшірме алу» қызметімен; Android, iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone операциялық жүйелеріне арналған ENPF мобильді қосымшасымен пайдалана алады. Мысалы, enpf.kz сайтында және БЖЗҚ мобильдік қосымшасындағы жеке кабинет арқылы салымшылар кез келген уақытта және кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама алып, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналары бойынша өтініш беріп, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалап және т.б. қызмет түрлерін ала алады. Ал «Цифрлы Қазақстан» ұлттық бағдарламасы электрондық қызмет мүмкіндіктерін кеңейте түсті. EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы да Қор қызметтерін қолдануға болады.
Зейнетақы шотына түскен үзінділерді білгісі келген  «Қазпоштаның» Қостанай облыстық филиалы іс-қағаздарын жүргізу секторының басшысы Айгүл Жұмасай өз ойымен бөлісті.
– Мен қазір өзімнің зейнетақы шотынан үзінді көшірме алғалы отырмын. Биылдан бастап көшірме алған жоқпын. Иә, маған мамандардың қызмет көрсетуі ұнады. Бүгін түсіндіру жұмыстары кезінде 2023 жылы 5 пайыздық мемлекеттік тұрғыдан берілетін бағдарламасы көңілімнен шықты, – дейді Айгүл Жұмасай.
 
Шалғай ауылдарда да қолжетімді
Еліміздің кең байтақ мемлекет, әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатыны белгілі. Сондықтан БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерімен бүкіл республика аумағын қамту мүмкін емес. Әрі ғаламтор желісі де барлық жерге жетпеген. Сол себепті, 2018 жылдың екінші жартысында «Жылжымалы кеңсе» жобасы іске қосылды. Ондағы мақсат – шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның алыстағы елді мекендерде ұлттық пошта операторының Қор салымшыларына зейнетақы қызметтерін ұсыну жөніндегі бірлескен жобасы.
«Жылжымалы кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталған. Бұл ретте жүріп-тұру үшін жерсеріктік жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орынмен қамтамасыз етілген. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы.
Жақында жылжымалы кеңсенің кезекті жұмысы Алтынсарин ауданының Докучаев ауылында жалғасты. Мұнда ауыл тұрғындарына таңертеңнен кешке дейін қажетті қызметті көрсетті. Бір оңтайлысы, алдын ала жоспарланған кесте бойынша сапарға шығып, барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен келісілген. Әкімдіктегілер өз кезегінде жергілікті тұрғындарды «Жылжымалы кеңсенің» келетіні жайлы хабардар еткен. Келіп қызмет алушылардың қатары қалың.
Айта кетерлік жәйт, шалғай ауылдардың тұрғындары «Жылжымалы кеңседе» БЖЗҚ бөлімшелерінде алуға болатын барлық қызмет түрлерін ала алады. Олардың ішінде, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме, салымшы деректемелеріне өзгерту/толықтырулар енгізу, хабарландыру тәсілі туралы келісімге отыру, мүгедектік немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемақы алуға өтініш беру және т.б. қызмет түрлері бар.
Сонымен қатар, қор қызметінің сапасын арттыру үшін 2022-2026 жылға арналған жоспар құрылғанын айта кетейік. Жоспар бойынша зейнетақы жүйесі біртіндеп халық-аралық стандарттық жүйеге көшіріліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓