Өрелі істердің өрісі кеңеймек

Ұзынкөл ауданында да атқарылған іс ауқымды. Мұны аудан әкімі Қайрат Әбішевтің жыл қорытындысына арналған есепті баяндамасынан білдік. Облыстың бір қиырында орналасқан ұзынкөл ауданында бүгінгі таңда 21 мыңнан астам адам тұрады. Яғни, бұрнағы жылға қарағанда өңір халқының саны азайған. Дегенмен, сырттан көшіп келушілер саны есебінен бұл олқылықтың орны толуы әбден мүмкін. Өйткені, өңірге еліміздің оңтүстік өңірлерінен көшіп келушілер қатары көбейе түскен. Мәселен, өткен жылы Ұзынкөлге Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан жеті отбасы –қырық адам көшіп келді. Оларға 7 млн 300 мың теңге көлемінде мемлекеттік бір реттік жәрдемақы берілген. Үй иелері тұрақты жұмысқа орналастырылпты. Бұл жұмыс биыл да жалғасатын болады дейді аудан әкімім Қайрат Әбішев.
Жалпы, жыл бедерінде өңірде мыңға тарта адам еңбекпен қамтылған. Соның арқасында  жұмыссыздық деңгейі 98 адамға қысқарыпты.
IMG_2559
Ұзынкөл де облыстағы ауылшаруашылығымен дендеп айналысатын аудандардың бірі.Мұнда да бидай, майлы дақылдар егіледі. Төрт түліктің бәрі бар. Өткен жылы аудан шаруашылықтары 22 млрд 603 млн теңге табыс тапқан. Бұл 108,9 %-ке тең көрсеткіш. Жан басына шаққандағы өнім көлемі 109,3 %-ке артық. Аудан диқандары өткен жылы 430 мың тонна астық жинап алды. Гектар берекелілігі орташа есеппен 16 центнерден айналған. Бұл жаман нәтиже емес. Жыл бедерінде өсімдік шаруашылығымен айналысатындарға 518 млн теңге, ал мал шаруашылын дамытып отырғандарға 21 млн теңге субсидия төленген. Мемлекеттің осындай ұдайы қамқорлығының арқасында өңірде мал басы өскен. Қазір ауданда 15 мың 235 қара мал, 19 мың 100 қой-ешкі, 6 мың жылқы,  10 мың талпақ танау, 260 мың құс есепте. Мал басының артуы өнім көлеміне де айтарлықтай септігін тигізіп отыр. Мәселен, былтыр ауданда 12 мың 900 тонна сүт, 3 мың 200 тонна ет, 47 млн 116 мың дана жұмыртқа өндірілген. Аудан әкімі бұл көрсеткіш ағымдағы жылы еселенбесе, төмендемейді деп отыр.
Аудан фермерлері мемлекеттік бағдарламалардың да шапағатын көріп келеді. Дегенмен, бұл мәселе өңірде ептеп кенжелеп қалған. Мәселен, Сыбаға» бағдарламасы арқылы аудан бойынша 62 ірі қара сатып алу көзделсе, өткен жылы  «Береке» шаруа қожалығы ғана «бес қара мал сатып алыпты. Облыс бойынша тапсырыс берушілер болмағандықтан бұл бағдарлама тоқтатылды. Осылайша, жоспар орындалған жоқ. Ал «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Алиев»М.Г» шаруа қожалығы 155 қой сатып алды.
Ұзынкөл ауданында кәсіпкерлік саласы да қарқынды даму үстінде. Мәселен, есепті кезеңде тартылған инвестиция көлемі 5 млрд 797 млн теңгеге жеткен. Яғни, жоспар 108,4%.орындалыпты. Дені жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілердің еншісіне тиесілі. Өткен жылы индустриалдандыру картасының шеңберінде «Кимбель Д.А» шара қожалығы Пресногоркорка ауылынан таза су құйып сататын цех пайдалануға берілді. Бұған 20 млн теңгедей қаржы жұмсалған. Осылайша шаруа қожалығы бес адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Бұдан бөлек  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде ауданда төрт жоба жүзеге асқан.
Ауданда тұрғын үй құрылыс да қарқынды даму үстінде. Есепті кезеңде өңірде 321 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 12,6%-ке артық деген сөз. 
Қайрат Әбішев үстіміздегі жылы да ұзынкөлдіктерді елеулі істер күтіп тұрғанын айтты. Мәселен, биыл жалпы сомасы 508 млн теңгеге бағаланған 4 ірі жоба қолға алынбақшы. Соның арқасында 22 жаңа жұмыс орны ашылады.
IMG_2522
 «Тойсай» ЖШС 100 қара малға арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосады.Ал абай ауылында «Қаратал» шаруа қожалығы балық өңдейтін цех ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ мал бордақылау алаңы, макарон өндіретін цех тәрізді қомақты жобаларымыз бар,-дейді Ұзынкөл ауданының әкімі. Ауданда  мемлекеттік бағдарламалар арқылы мал сатып алу көзделген. Сол арқылы мал басын көбейту жолға қойылмақ.
Аудан әкімінің есебін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев өңір басшысына тағы да бірқатар міндеттер жүктеді. Әсіресе, әлеуметтік салада атқарылар іс жетерлік.  Есеп беру жиналысында аудан тұрғындары өздерін толғантқан мәсеелер жөнінде сауалдар жолдап, облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі тарапынан тұщымды жауап алды.
Ұзынкөл ауданы
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓