Кісі заты кіршіл

Рудныйлық тәртіп сақшылары клиентінің машинасын рұхсатсыз айдап әкеткен техникалық қызмет көрсету стансасының жұмысшысын құрықтады.uvd_rudny_Bs7okVznDrJ
Оқиға былай болған. Қаңтардың 15-нен 16-на қараған түні жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Дамир Ибраев пен Айтжан Сәлімжанов "Қазанның 50 жылдығы" көшесінде күдікті маневр жасаған «Hyundai» автокөлігін байқап қалады. Дереу соңына түсіп, тоқтау туралы белгі берсе де әлгі көлік жылдамдығын, керісінше, асыра түседі. Бірақ қылмыскерлерді құрықтаудың небір әдіс-тәсілін меңгерген полицейлер көп ұзамай желікпе жүргізушіні қуып жетіп, қолына кісен салады.
Кейін белгілі болғандай, 30 жастағы қала тұрғыны көлік жөндеу бекетінде жұмыс істесе керек. Оңтайлы сәтті пайдаланған ол бөтеннің көлігімен қыдырып қайтқысы келгенін айтады.
Бүгінде құқық бұзушыға екі бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот үкімі бойынша, ол 20 тәулікке бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ал көлік иесі Валерий Шпрингер қызметін адал атқарып, кәсібилік танытқан қалалық ІІБ қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓