“Тобылға” жаңа қақпашы келді

Әзербайжандық қақпашы Эмиль Балаев Қостанай клубына ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 20190130101351«Эмиль Балаев тоғыз жасынан бері футболмен айналысады. Алғашқы кәсіби клубы Бакудің «Нефтчиімен» 2010 жылы келісімшартқа отырды. 2011 жылы қақпашы «Сумгаит» клубында жалға алынды, кейін бірінші дивизионнан келген «Араз-Нахчыван» командасының намысын қорғады», – делінген клубтың ресми сайтында.
Ал 2014 жылғы маусымда Эмиль Майндағы Франкфуртқа, немістің «Айнтрахт» клубына аттанып, екі жыл бойы жұмыс істеді. Содан кейін ол мансабын Агдамның «Қарабах» командасында жалғастырды. Қақпашы Әзербайжанның олимпиадалық құрамасына ілігіп, елдің бас командасына шақырту алған. Ол «Тобылда» екі жыл доп тебеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓