Елбасы облыс әкімін қабылдады

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады. Кездесу барысында аймақ басшысы елбасыға облыстың әлеуметтік-экономиалық дамуы және биылғы Жолдауда міндеттелген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.1ed24720b5138863169fad4db836d483Н.Назарбаев мемлекеттік және салалық бағдарламалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы маңызды екенін атап өтіп, халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.  
– Қостанай облысында макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отыр. Өнеркәсіп 2017 жылмен салыстырғанда 8,3%, құрылыс 22,3% артты. Жалпы ауқымы 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, – деп баяндады Архимед Бегежанұлы.
Сондай-ақ, облыс әкімі Елбасыға автомобиль өндірісінің дамуы, инвестиция тарту және индустриялық жобаларды іске асыру жұмыстарының нәтижесі туралы да ақпарат берді.
– Облыста индустриялық аймақ құрылып, оның аясында 11 жоба іске асқалы жатыр. Олардың ішіндегі ең ірілері – ауыл шаруашылығы хабы, мұнда қуаттылығы жылына 600 мың тонна болатын ұн цехы болады, оның сыртында жылдық қуаттылығы 1 млн тонна болатын комбикорм дайындау цехы, глютен өндіретін және майлы дақылдар өңдейтін цехтар. Бұл жобалар ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға бағытталады, – деді А.Мұхамбетов.
Бұған қоса, аймақ басшысы ауыл шаруашылығы техникаларын, құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру, Арқалық қаласындағы ет өңдеу кешенін дамыту және шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берді.
Кездесу қорытындысында елбасы А.Мұхамбетовке бірнеше нақты тапсырма жүктеді.

You may also like...

1 Response

  1. Ажар айтты:

    Көптеген отбасыға пәтер кілті табылдалды. Ол куанышка бизде болендік) патер озимиз армандагандай, керемет

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓