Жетімдер үйі жабылады

Тәрбиеленушілердің азаюына байланысты Қостанай облыстық балалар үйі жабылатын болды.
Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова растады.
"Бүгінде облыстық балалар үйінде небәрі 52 тәрбиеленуші бар. Жоспар бойынша, бұл мекеме 165 орынға шақталған. Биылғы оқу жылын 25 бала тәмамдайын деп отыр. Сол себепті, балалар үйі биыл жабылмақ", – деді басқарма басшысы.
Ал қалған 32 бала Рудныйға көшіріледі. Даумованың сөзінше, жабылғалы тұрған балалар үйі алдағы қыркүйектен бастап IT-технология мектебіне беріледі. Ол «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында құрылады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓