Білім қай кезде де маңызды

Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесінде Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін арттыру және PISA қорытындысы бойынша қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқарту, бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесінің негізінде мектеп салуды және күрделі жөндеуді өңірдің басымдықтарын негізге ала отырып, өз бетінше жүзеге асыру. Президент ұсынған ұлттық жобалар елімізді өркендету бағыттарының бірі  білім саласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады.
    «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың 100%-ы ерте дамудың жаңа моделі негізінде сапалы білім мен тәрбие ұсынуда, екіншіден, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін арттыру және PISA қорытындысы бойынша қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқартуда, барлық ниет білдірген жастарды сапалы тегін ТжКБ-мен 100% қамтуда, әлемдік және өңірлік деңгейлерде бәсекеге қабілетті қазақстандық ЖОО санын арттыруда, білім және кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларын ұсынуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті, кәсіби мамандар ұсыну маңызды. Бұл дегеніміз, жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Біз еліміздің болашағын сенімді жастар қолында, сондықтан да біліммен тәрбие қатар жүруі тиіс. Сондықтан да әр оқушының бойында отансүйгіштік қасиеттерін асқақтату да басты парызымыз. Білім беру мекемелері білімді шәкірт даярлаумен қатар, сегіз қырлы, бір сырлы, ерік-жігері мығым, елін, жерін қастерлейтін, алда тұрған асуларды қиналмай алуға қабілетті адам тәрбиелеуге міндетті.
    Білім беру ісіндегі тәрбиенің орны қай кезде де маңызын жоймайды. Өйткені білім беру ісі патриотизм, адамгершілік, рухани даму, заңға бағынушылық сияқты құндылықтармен астаса жүруі керек екендігі қоғам тарапынан қолдау тауып отырғанын айтуымыз керек. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру отбасынан, балабақшадан және орта мектептен бастау алады. Президенттің Ұлттық жобада осындай мәселеге көңіл аударуы қоғамдағы сенімділікті нығайтып отыр. Себебі, қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі – білім. Жалпы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы еліміздің серпінді, екпінді өркендетудің басты темірқазығын айқындап берген маңызды құжат ретінде бағалауға болады.
      Мейрамғали ҚОҢҚАБАЕВ,
     Жанкелдин ауданы білім бөлімінің А.Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры.


 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓