Кеншілер партиялық іске белсенді
Рудныйда «Нұр Отан» партиясы ССКӨБ аудандық филиалының белсенділері бас қосты. Олар күн тәртібінде тұрған үш мәселені қарады. Алдымен «Құрылыс-монтаждау басқармасы» бастауыш партиялық ұйымының төрағасы Андрей Богдан «Нұр Отанның» 20 жылдығы – жасампаздық пен әлеуметтік даму кезеңі» атты баяндама жасады. Кейін ұйымның өткен жылы атқарған жұмыстарына есеп берді.



Бас партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасының жобасымен филиал төрағасының орынбасары Александр Макаренко таныстырды. Ол қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған он мақсатқа егжей-тегжейлі тоқталды.
Жиын соңында Астанада өтетін «Нұр Отан» партиясының 28-ші кезекті съезіне делегаттар тағайындалды. Сонымен қатар бірнеше жұмыскер партияға мүшелікке қабылданса, ең белсенді нұротандықтар алғыс хатпен марапатталды.

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ