Іздеу салынады

Қостанай қаласының Полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінің полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 24 жастағы Елдос Дәуренұлы Дүйсеновке іздеу жариялайды.
Ол 20 қаңтарда үйінен шығып келіп, сол күйі оралмаған. 
Белгілері: Бойы – 180-185 см, арықша денелі, қоңыр көзді, қара шашты. Үстіне джинс шалбарын және көк түсті кроссовка, қара түсті жалбағайлы күртке киген. 
Айрықша белгілері: Сол жақ білегінде өшірілген татуировкадан қалған тыртық бар. Сол жақ кеудесіне иероглиф түріндегі татуировка салдырған. 
Оның қазіргі мекенжайы жайында білетін жандардан  8702-492-99-92, 8 747-655-21-63, 52-68-61 немесе 102 нөмірлеріне хабарласу сұралады.FA6vJnkK7Ok
Сондай-ақ, осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен 26 жастағы Салтанат Нұрымбетқызы Көкеноваға да іздеу салынады. Ол 20 қаңтарда Қостанайдағы үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін хабарсыз қалған. слтанат
Белгілері: бойы – 170-175 см, шашы беліне дейін жетеді, теңбілденіп боялған (мелирленген). Үстіне сұр түсті мамық тысты, жалбағайлы күртке киген. Көрген-білгендрден 8-702-492-99-92, 8-747-655-21-63, 52-68-61,  52-68-50 немесе 102 нөмірлеріне хабарлау сұралады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓