Белсенді жасотандықтардың бастамасы

Сарыкөл аудандық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымы келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай  бірінші қыркүйекте жаңа бастамаларын жариялады.
 
жас отанЯғни, жасотандықтар жыл бойы «70 игілікті іс» акциясын өткізбек. Оларға қолдау білдірген аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Эльдар Күзенбаев ақшалай сыйлық тапсырды.
Енді, белсенді жасотандықтар алғашқы қадамдарын колледж студенттерін облыс орталығына апарудан бастамақ. Яғни, өлкетану мұражайына саяхат жасап,  «Арман 3Д» кинотеатрынан фильм көріп және сүйікті аттракциондарын тамашалатпақ.   
Сондай-ақ, белсенді жасотандықтардың бастамасымен аталмыш акция аясында ауданымызда ауқымды шаралар ұйымдастырыла береді.   
 
Руслан Әлкев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓