Қоғамдық көліктер тегін Wi-Fi интернетке қосылды
Қостанайдағы автобустардың біріне сымсыз интернет қызметі іске қосылды.

Енді, қала тұрғындары діттеген жеріне жеткенше жол бойы уақыттарын пайдалы істермен өткізе алады. Жаңалықтар оқып, поштаға түскен хаттарды тексеріп, әлеуметтік желілерде хат алмасып немесе ғаламтордан қажетті кітаптарын тауып оқып, уақыттарын тиімді өткізуіне болады.
Компания операторларының айтуынша, тамыз айының ортасында бұл жобаның арнайы тұсау кесері өтеді. Осы кезде қандай бағыттағы автобустарға Wi-Fi желісі орнатылатыны белгілі болмақ.
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков