«Астана Банкі» АҚ салымшылары назарына
«Астана Банкі» АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Банк-агент ретінде «Еуразиялық банк» АҚ тағайындалды. «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау және өтемақы төлеу «Еуразиялық банк» АҚ Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде орналасқан барлық филиалы мен бөлімшесінде 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейінгі алты ай ішінде жүргізілетін болады.
«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауды және өтемақы төлеуді агент банк «Еуразиялық банк» АҚ-тың Қазақстан Республикасындағы барлық филиалдары мен бөлімшелерінде сенбі күні, 2019 жылғы 26 қаңтарда бастайды, 27 қаңтарда жалғастырады.
Дүйсенбі, 28 қаңтардан бастап 26 шілде аралығындағы кезеңде агент банк «Астана Банкі» АҚ салымшыларына төлемді агент банк ретінде бөлімшелері мен филиалдарының әдеттегі жұмыс режимінде жүргізетін болады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының call-орталығына 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша, «Еуразиялық банк» АҚ-тың анықтамалық қызметіне +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722 нөмірлері бойынша хабарласуға болады. Сонымен қатар, ақпаратты www.kdif.kz., www.eubank.kz ресми веб-сайтарынан қарауға болады.
Қостанай облысында тұратын «Астана Банк» АҚ-тың салымшылары Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы арқылы өтініштерін, құжаттарын бере алады, тарату комиссиясына құжаттарды беру жөнінде консультация алуына болады. Анықтама үшін телефондар: +7 (7142)99-09-19, 99-09-14.