65 баспана кілті табысталды
Бүгін Қостанай ауданының Заречный кентіндегі Северный шағын ауданында 65 отбасы жеке тұрғын үй кілтіне ие болды. Қоныстанушыларды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтай барды.



– Құрметті Қостанай ауданы тұрғындары мен қонақтары, сіздері ең әуелі келе жатқан ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Бүгін біз осы мереке қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтің тікелей тапсырмасымен қабылданған "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Северный" мөлтек ауданында жаңа жее тұрғын үйлердің кілттерін тапсырғалы тұрмыз. Бұл – заманауи мөлтек аудан. Үйлердің сапасын өздеріңіз көріп отырсыздар. Барлық құрылыс материалдары – жергілікті зауыт өнімдері. Баспаналардың орташа көлемдері – 100-120 шаршы метр. Барлық инженерлік желілермен қамтылған. Оған бюджеттен арнайы қаражат бөлінді. Мысалы, тек қана көшелерін асфальттауға, абаттандырып, көркейтуге 1 млрд 900 млн теңге берілді. Сондай-ақ, 500 млн теңге электр қуатымен, көгілдір отынмен, ауызсумен қамтуға бөлініп отыр. Кәріз құбырларын тартуға 385 млн теңге жұмсалды. Демек, сіздердің жайлы өмір сүрулеріңізге барлық жағдай жасалған, – деді Архимед Бегежанұлы.





Ж.Балғынбекұлы
Суреттерді түсірген автор