Көше атаулары өзгереді

Рудный қалалық мәслихаты 15 қараша күні әкімдіктің кіші залында кейбір көшелердің атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өткізбек. Күн тәртібінде Молодежный тұйық көшесін Татулық, Фурмановты – Бірлік, Крупскойды – Мереке, сондай-ақ Горняцк кентіндегі Краснопартизанский көшесін Кеншілер деп өзгерту мәселесі қаралмақ. Тұрғындар осыған байланысты өзінің ұсыныстары мен тілектерін отырысқа қатысу арқылы білдіріп немесе pereimenovanie@yandex.kz электронды поштасына жолдай алады.коше атауы
Айта кетейік, әкімдік берген мәліметке сүйенсек, бүгінде Рудный қаласының аумағында 292 көше бар. Олардың 15-і қазақша атауларға ие. Соңғы рет 2015 жылы кеншілер қаласының емдеу мекемелері орналасқан атаусыз көшеге атақты дәрігер Амангелді Жантеміровтің атауы берілген болатын.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

9 Responses

  1. Нұрби айтты:

    Сəлеметсіздерме. Біз əрине жер -су аттарының қазақшаға ауысатынынына қолдау білдіреміз. Менің бір түсінбегенім "ленин", "комсомол", "пионерская","марите","иванофранко" сынды жəне тағыда басқа үлкен көшелердің атауларын неге өзгерпей жатсыздар? Өйткені бұл көшелер болашақ ұрпақ үшін жергілікті халықтың рухани дамуына үлкен септігін тигізбек

  2. Мухит айтты:

    Ленин көшесін өзгерту керек

  3. Қолқоюсыз айтты:

    Дұрыс ауыстыру керек қазақшаға 

  4. Мақсат айтты:

    Ассалаумағалейкум барлығына 
    Өте жақсы бастама қолдаймын 
    Жергілікті батырлар мен ақындардың аттарын берейік.   
    А.Байтұрсынов, М. Дулатов, А. Иманов, Есет батыр, Құлан Кикі батыр, Ы. Алтынсарин, Сұлтан Баймағанбетов Әулиекөл ауданының тумасы ҰОС батыры

  5. Адил айтты:

    Усак кошелерды озгертудын кажеты не? Улкен кошерды озгерту керек (лениннын ескерткышымен бырге) 

  6. Руслан айтты:

    Ассалаумагалейкум! Кошелердин атын озгерту маселеси оте дурыс. Баягыдаааа озгертип тастау керек еди Екибастуз каласы сиякты. Басынан аягына дейин дым коркпай озгерту керек . Казак батырлардын атына, акындардын атына осындай улкен жерди калдырып кеткен ата-бабаларымыздын атына озгерту керек иншАлла сол кундер тез арада болсагой 

  7. Акмарал айтты:

    Сәлеметсіздерме.Әрине қуанышты жаңалық.Былай өзгерсе өте керемет болар еді.Ленина-Абай,Комсомол-Ыбырай, тағы баска улы бабалардын есімімен, Рудныйда Арман деген  тагы да қазақша көшелер бар бірақ окініштісі  ол көшелерді ешкім көрмиді,осындай жарқырап естілетін  неге  орталық көщелерге қоймайды екен. 

  8. Қолқоюсыз айтты:

    Ленин көшесін- Тәуелсіздік өшесі деп, Комсомол көшесін- Бақыт көшесі, Пионер- Ұлан көшесі Косманавтты- Шаттық т.б деп ауыстырса

  9. Нагашыбай айтты:

    Ешкандай жалтактамай ақ орталық кошелерди қазақша қою керек Рудныйды Сарыбай деп биыл 60 ж.атап жиберу керек еди.Ленин кошесин т.с.с .жалпакшешей болуды қоятын кез келди емеспе..Кейки Батыр кошесін беру керек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓