Автобус адам қақты
Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 13.00 шамасында Алтынсарин көшесінде болды, – деп хабарлайды alau.kz тілшісі.
Автобус жаяу жүргіншілер жолағында қыз баланы соғып кетті. Ол әртүрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Бойжеткен 20 жаста. Жағдайы ауыр. Денесіне түскен жаралар терең және сынықтар да күрделі", – деп отыр траматологиялық бөлімше меңгерушісі Марал Әбілқасымова.
Дәрігерлер науқасты отаға дайындап жатыр.
сурет alau.kz сайтынан алынды