10 адам құтқарылды

Суға шомылу маусымы басталғалы облыс көлемінде 3 адам суға кетті.  Қайғылы оқиғалардың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген, яғни ескертпе құрылғылары қойылмаған жағалауларда болған.  Бұл жайттарға  демалушылардың ескерту-құлаққағыстарды қаперге алмауының кесірінен душар болатынын айтады құтқарушылар. Жіті бақылауда болмағандықтан, ондай жерлерге құтқарушылар жасағы дер кезінде жетіп үлгермейді.
Күні кеше судан құтқарушылар шомылуға тыйым салынған жағалауларда рейд жүргізді.судан куткару
Мұндағы мақсат – демалушылардың құтқарушылардың назарынан тыс жерлерде суға түсуінің қауіпті екенін ескерту.
-Таза емес, тексеруден өтпеген, арнайы құрылғылар қойылмаған жағалаулардан демалушылар көп ұшырасады. Ойын жасындағы балалардан, егде тартқан кісілерге дейін шомылып жүр. Ішімдік ішіп отырғандар да көп кездесті. Барлығын маңымызға ұйыстырып, ескертулер жасадық. Әрқайсысының қолына буклеттер мен үгіт парақтар ұстаттық,-дейді 1-разрядты орталық құтқару станциясының бас құтқарушысы Маржан Еңсепбай.
Бас құтқарушының мәліметіне сүйенсек, маусым басталғалы, яғни бір апта көлемінде 10 адамның өмірі ажалдан арашаланыпты. Мұндай сәтімен біткен операцияларды, сәйкесінше, шомылуға рұқсат етілген жағалауларда іске асыру мүмкін болды.
 
Жандос Жүсіпбек
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓