Тамырға тіл бітірген
Науырзым ауданына қарасты Өлеңді ауылында тұратын ақын, қолөнер шебері Аңсаған Төриннің үйіне бас сұқсаңыз, кәдімгі фауна әлемінің ғажайып құшағына енгендей боласыз. Қолөнер шебері үйінің үлкен бір бөлмесін босатып, музей жасап қойған. Толған ағаш тамырынан жасалған Науырзым қорығында кездесетін аң-құс, жан-жануар, жәндіктердің мүсіні. Қу тамырдың бойына қан жүгіртіп, тіршілік сыйлап, тіл бітірген Аңсаған ұстаның музейінде бүгінде 200-ден астам қолөнер туындысы бар.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» Аңсаған аға жайында толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Н.Құлабаев