Ыстық ай аяғына дейін созылады
Осымен үшінші апта: сынап бағанасы түнде +18 +23 градусқа, күндіз +35 градусқа дейін ырғыды. Тіпті Торғай-Аманкелді өңірлерінде ауа +38 градусқа шейін жеткен. Мамандардың мәлімдеуінше, мұндай аптап 1998 және 2010 жылы тіркеліпті.
Қазіргі бұл аномалиялық жағдай күздің алғашқы айына дейін сақталады дейді синоптиктер. Яғни ауа температурасы +15 градусқа төмендемек. Жауын-шашын 7-15 қыркүйекте, сондай-ақ осы айдың соңғы онкүндігінде межелі түрде түседі-міс. Осы болжамдарға қарап, өңір диқандары науқанға кедергі келмесе деп тілеп отыр. Өйткені тәжірибелерінен белгілідей, ыстық қаншалықты ұзаққа созылса, жауын-шашын соғұрлым толассыз болуы бек мүмкін.