Міндет айқын, мүмкіндік мол

Биылғы басты міндет – өңірде жастар жұмыссыздығын азайту! Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста өңір басшысы Архимед Мұхамбетов алға осындай міндет қойды. Сонымен қатар, жиында бірқатар маңызды салалар бойынша өңірдің былтырғы даму көрсеткіштері қорытындыланып, 2019 жылдың алғашқы жартысына жоспарланған  жаңа міндеттер пысықталды.images (3)
Облыс әкімінің орынбасары Е.Спановтың айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім бар. Былтыр өңірдегі жалпы өнім 10,3%-ке өскен. Сонымен қатар, өнеркәсіптік өнім көлемі  де едәуір ұлғайған.  Әсіресе тау-кен өндірісі мен өңдеуші кәсіпорындарда өсім жоғары. Өңдеу саласындағы өсім – 105,8%.
Облыста машина жасау саласы да жыл санап қарқын алып келеді. Былтыр  «СарыарқаАвтоПром» серіктестігінде 11 766 жеңіл автокөлік, 159 жүк көлігі құрастырылған.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу саласы өңірдегі ішкі нарықтың тұтасқа жуығын қамтып отыр. Азық-түлік өнімдерінің экспорты едәуір артты. Мәселен, былтыр облыста өндірілген өсімдік майының экспорттық үлесі 6,2 есе ұлғайған. Сыртқы саудадағы ет өнімдерінің үлесі 4 есе, сүт өнімдері 12%, ұн – 58%, кондитер өнімдері 19%-ке өскен. Сонымен былтыр облыс кәсіпорындары жалпы құны 183,1 АҚШ долларына тең жергілікті өнімді экспортқа жөнелткен. 
Жыл басынан бері құрылыс саласында да қыруар шаруа тындырылды. Былтыр өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 299,3 мың шаршы метр  тұрғын үй салынған. Нәтижесінде облыс бойынша  3172 пәтер пайдалануға берілген. 
Облыста шағын және орта бизнесті дамытуға тиімді жағдай жасалған.  Мәселен, 2018 жылы жеке кәсіпкерлер саны 3,5%-ке артқан. Бүгінде облыста әр сала бойынша 51 мың жеке кәсіпкер еңбек етеді. Шағын және орта бизнес нысандарының көбеюі сауда саласының жандануына оң ықпал етіп отыр. Өйткені 40%-тен астам кәсіпкер ішкі сауда саласында қызмет көрсетеді.
Экономика өсімі әлеуметтік саланың тұрақтылығына тікелей ықпал етіп отыр. 2018 жылы өңірде 13 мың жаңа жұмыс орны ашылған. 2,6 мың жұмыссыз кәсіби оқуға жіберілді. Кәсіби білім беретін мекемелерде оқу тәмамдаған 1,3 мың адам еңбекпен қамтылды. Мұның сыртында, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2 мыңнан астам адам кәсіптік оқуға тартылған. Оқуды аяқтаған 1543 адамның 361-і жеңілдетілген несие алған.    
Жиында Ішкі саясат басқармасы мен мәдениет басқармасының басшылары өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу  барысы туралы есеп берді. Биыл облыста мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде 34 ақпараттық жоба жүзеге асырылады. Оған 94,4 млн теңге қаржы қарастырылған. Мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақовтың айтуынша, биыл «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында тарихи-мәдени нысандарды, жалпыға зиярат ету орындарын, киелі нысандарды зерттеу мен насихаттау, олардың ақпараттық сүйемелдеуі бойынша жұмыс жалғасатын болады.  Бүгінде киелі нысандардың инфрақұрылымын жасау мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасы әзірленген. Сондай-ақ, биыл Қостанай облысының жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандарына бару бойынша виртуалды экскурсия әзірлеу жоспарланған.
Биыл өңірде қазақ тілін латын графикасына көшіруді ілгерілету бойынша біраз шаруа тындырылмақ. Отырыс барысында облыс әкімі А.Мұхамбетов бүгінде бірқатар ЖОО нысандарындағы маңдайша жазу латын қарпіне ауыстырылғанын құптай келіп, енді барлық мемлекеттік мекемелер мен жаңа бой көтеретін құрылыс нысандарының маңдайшасындағы атаулар тек латын қарпінде жазылуы тиіс екендігін айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓