Бала тісінің іздері бар

Жоғалған қыздың тірі екеніне үміттендіретін тағы бір айғақ – алқаптан жүгері собығы табылды.
Күні кеше еріктілердің бірі кішкентай қызды жүгері алқабынан көргенін айтып, барлық іздеу тобы сол аумақты түні бойы шарлаған еді. Іздеушілер алқаптан бірнеше жерінен кертілген жүгері тауып алды.
«Жүгері собығында бала тістерінің ізі бар. Қазір дақыл сараптамаға жіберілді. Бұл да бізді Мәдинаның аман-сау екеніне үміттендіріп отыр», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Жоғалған қызды іздестіру жөніндегі жедел штаб мәліметінше, сағат 13.00-дегі дерек бойынша, ауадан 12-ден астам алқап барланып, жаяу 8 танап шарланған. Полиция қызметкерлері жол бойында ас-су қалдырып отырды. "Қамтылған аумақ есепке алына отырып, іздеу аймағы төрт бағытта кеңейтіледі. Біріншісі – Жамбыл ауылы мен Тобыл өзені, екіншісі – Алтын дала ауылы, үшіншісі – Қостанай қаласы, төртіншісі – Самир ауылы. Таңертең бері екі тікұшақпен және бір ұшақпен әуе патрульдері жүргізіліп жатыр. Олардың бірінде тепловизор бар. Сонымен қатар, Тобыл өзенінің арнасын тексеру жалғасуда", – деп толықтырды департаменттегілер . 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓