Фронт-кеңсе ашылды
мұндағы барлық жұмыстар бір терезе қағидатына негізделген
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында фронт-кеңсе ашылды. Заманауи кеңсенің ашылуына әкімшілік, прокуратура, кәсіпкерлер палатасы, адвокаттар, медиаторлар, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.
Сот мамандарының айтуынша жаңа үлгідегі жабдықталған кеңседе ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы болып бөлінеді. Ал ақпараттық орталығында құжат қабылдау кеңсесі, медиатордың, нотариустың, адвокаттың қызметтері көрсетілетін құқықтық қызмет көрсету секторы орналасқан. Сонымен қатар электронды кезек жобасы шеңберінде құжаттарды қабылдау мен берудің автоматтандырылған бюросы, сканер, өзіндік қызмет көрсету терминалы жұмыс істейді. Жаңа үлгідегі жабдықталған кеңседе ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы болып бөлінеді.
– Фронт-кеңседе облыс орталығының тұрғындарына сотқа беретін арыздардың тәртібі туралы ақпарат алуға, медиатормен және адвокатпен кеңесе отырып, өздерін толғандырған құқықтық мәселелердің шешімін табуға, сондай-ақ, сотта қаралып жатқан өтініштердің мән-жайы туралы білуге мүмкіндіктер жасалған,– дейді фронт-кеңсенің ашылуына қатысушылар.
– Сотқа тараптардан қозғалып жатқан іс материалдарымен танысу үшін өтініштер күн сайын түседі. Осындай жағдайда сот отырысының хатшылары іс материалдарымен таныстыруда қиналатын, өйткені сотта материалдармен таныстыру үшін бұрын арнайы бөлінген бөлме болмаған. Тараптарды іс материалдарымен таныстыруды көздейтін ақпараттың кабинеттің жасақталуы да басты жаңашылдықтың бірі. Жоғарғы Соттың «Үлгілі сот» жобасын жүзеге асыру шеңберінде сот төрелігін жүзеге асыру бойынша аталмыш бастама қолға алынып отыр. Азаматтар үшін жасалып отырған осы жағдай бүгінгі күннің талаптарына сай келеді және сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Фронт-кеңсенің басты міндеті – сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай жасау, – деді облыстық мамандандырылған экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі Сәуле Құдабаева..
Атап өтерлігі, бұл осымен өңірде ашылып отырған бірнші фронт-кеңсе. Болашақта тағы бір осындай кеңсе облыстық соттың жаңа ғимаратында ашылуы мүмкін.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ