Филиалға жаңа төраға сайланды
«AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының ХХХІІ – ші кезектен тыс конференциясы өтті.

Күн тәртібінде: фракцияның 2022 жылы атқарған жұмыстары сараланып, қалалық филиал төрағасы сайланды. Филиал төрағалығына «AMANAT» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сабыржан Тасмағанбеттің кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды. Жарыссөзге қалалық мәслихат депутаты Сағидолла Байгенжин мен№5 бастауыш партия ұйымының төрағасы Батырхан Карашинов шығып, партияның ұстанған бағытының уақыт үрдісінен шыға беруіне тілектестіктерін білдірді.



М. ЖҮНІСҰЛЫ.
Суретті түсірген автор.
Арқалық қаласы.