Ұрыны ұрғаны үшін жазаланды

"Қостанай қаласының №2 сотында қала тұрғыны Р. екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзін тонаған бұзақыларды тауып алып соққыға жыққаны үшін жазаланды", – делінеді облыстық сот баспасөз қызметінің хабарламасында.images (2)2018 жылдың 19 ақпанында түн жарымында оны «West» түнгі клубы маңында екі беймәлім азамат тонап кетеді. Қылмыскерлер күш көрсетіп, оның қалтасындағы 5500 АҚШ долларын қолды еткен. Айта кету керек, олар сол жазда ұрлық үшін істі болған.
Бұл оқиғадан кейін Р. полицияларға хабарласудың орнына ағаш сойылмен қаруланып алып, өзін ренжіткен қылмыскерлердің соңына түскен. Ақыры ол біреуін жетіп алып тоқтатып, ақшасын қайтарып беруді талап етіп, сойылдың астына алған. Кейінірек ол сонда да полицейлерді шақырып, олардың келуін күтеді. Тәртіп сақшыларының көзінше тонаушыны тағы да таяқтың астына алып, сұлатып түсіреді.
"Р.-ға қатысты белгіленген жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау қойылды", – делінеді хабарламада. Үкім заңды күшіне енбеген.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓