40 браконьер құрықталды

Қостанай облысында "Киік" жедел алдын алу шараларын жүргізген полицейлер 5 күнде 46 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Олардың көбін аймақ аңшылары бұзған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қзыметі хабарлады.images (1)Полиция өкілдерінің сөзінше, 15-20 қаңтарда тәртіп сақшылары табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен бірігіп, қырықтан астам жедел топ құрған. 246 рейдтік шара өтіп, аңшылықтың 28, балық аулаудың 12 ережесі бұзылған. 4 адам заңсыз қару ұстағаны үшін, тағы 2 азамат қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 202 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы өндірілді. Рейд 25 қаңтарға дейін созылады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓