Тәртіптік кеңесте алты іс қаралды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде кезекті өткен тәртіптік кеңесте   шенеуніктерге қатысты   алты іс қаралды.

DSC_0488

Ең алдымен тәртіптік кеңесте   облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Шолпан Байжановаға,  осы басқарманың  ақпараттық-аналитикалық бөлімнің жетекшісі Айман Ибраеваға қатысты  тәртіптік істері қаралып, заңды және жеке  тұлғалардың құқықтарын іске асыру және  олардың өтініштерін беру және қарауға байланысты жұмыс барысы мен мерзімін,  ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін бұзғандығы үшін сөгіс берілді.

DSC_0492

Мән-жайға келер болсақ,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының тәртіптік-әкімшілік практика және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің кеңесшісі Айдос Қасеновтың айтуынша,    облысымыздағы  республикалық «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталықтың» филиалы  осы білім мекемесінің жетекшісі Ә. Төртқараеваға білім саласында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес стратегиясы  қай деңгейде  жүзеге асырылып, жұмыстар  жүргізіліп  жатқандығы туралы сұқбат  алу үшін  сауал жібереді, бірақ білім   басқармасының жетекшісі кезекті  еңбек демалысына кетіп бара жатқандықтан ол  жіберілген  сауалды  өзінің орынбасары мен  бөлім жетекшісіне тапсырады.  Түптеп келгенде,  белгіленген мерзімде медиа орталығы  білім  басқармасының жетекшісінен не орынбасарынан  сұқбат та,  сол сұқбатқа байланысты  жазбаша  жауап та ала алмайды, сөйтіп, ҚР заңнамасын бұзуының нәтижесінде   білім саласының шенеуніктері сөгіс алды.

DSC_0495

Ал, енді  Федоров селолық округінің әкімі В. Помазға қатысты  тәртіптік іске келер болсақ,  аудандық прокуратураның тексерісі анықтағанындай мемлекеттік сатып алуда, бюджеттік  қаражатты жұмсау және заңдылықты сақтау мәселесінде  өрескел  бұзушылықты анықтады.  Атап айтқанда,  село көшелерін  жарақтандыру бойынша  қызмет көрсету  жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру  барысында  бұзушылық жіберген.  Нәтижесінде, тапсырысты қолында  көшелерді жарақтандыру  жөніндегі жұмыс түрін  орындай алады деген  лицензиясы жоқ кәсіпкер  алады.  Сонымен қатар  әкім заңнамаға  сәйкес поселке тұрғындарымен жиналыс өткізуі тиіс-ті, ал шындығында ешқандай  осы мәселеге қатысты жиын да, жиналыс та өтпеген. Ауыл тұрғындарының жиыны өтті деп прокуратураға жалған  хаттама берген.   Тәртіптік кеңес  істі қарай келе село әкімі  сыбайластыққа жағдай жасағаны үшін өзінің  лауазымдық қызметіне толықтай сай емес деген  шешім шығарды.

DSC_0501

Сол секілді  тәртіптік кеңес мүшелері Қостанай  облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы бөлімінің жетекшісі А. Федуловқа қатысты  тәртіптік  істі тексеріп қарап,  шенеуніктің сөзін тыңдай келе, оған   қызмет  көлігін өз қажетіне пайдаланғаны үшін ескерту берілді.
Ал, Қостанай облысы статистика  департаменті үй шаруашылығын зерттеу және әлеуметтік демографиялық статистика  басқармасының жетекшісі Т. Крохинаға қатысты  тәртіптік істі қарай келе, кеңес мүшелері тәртіптік істі  тоқтату  қажеттігін айта келіп, негізінен ҚР «Сыбайластықпен күрес туралы» заңнамасының 9 бабының нормалары   нысаншылдық түрде  бұзылғандығының  белгілері байқалады яғни  салық органына  яғни   қарапайым тілмен айтсақ,  салық органдарына  кіріс табысы мен  мүлік декларациясы  туралы  ұсыныс құжаттарында  мүлік пен  жердің кадастарлық нөмірлерінде қателік кеткен,  екі  кадастарлық нөмірдің орнына барлығына бір ғана нөмір берілген. 
Тәртіптік кеңес  мүшелері  Жанкелдин  аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Т. Нүретенденұлына қатысты тәртіптік істі қарай келе,   тексеріс барысы анықтағанындай, директор мырза  жұмыспен қамту орталығына   өтініш жасаған 19 азаматтың  өтінішін қабылдап алғанымен, оларға жауап  қолданыстағы заңнаманы бұза отырып  берілгені анықталды,  сыбайластылыққа жол берілді. Сонымен бірге директор осыдан бір жыл бұрын   жемқорлық  құқық бұзушылық  жауапкершілігіне тартылған-ды. Кеңес директорды лауазымдық жұмыс орыннан босату керек деген шешім шығарды.
 
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓