Су басу қаупінің алдын алмақ керек
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті су тасқынына алдын ала әзірленуде. Қостанайда Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т. Кәкімовтың төрағалығымен Қостанай қ. әкімінің орынбасары Е. Теменовтың қатысуымен кәсіпорындар және ұйымдармен семинар-кеңес болды. Алаңдауға тұрарлық жайттар бар. «Казгидромед» мәліметтері бойынша 2015 жылдың қарашасы 2016 жылдың қаңтары арлығында түскен жауын-шашын 99 мм құрады. Бұл орташа климаттық бірліктің 165 % сәйкес. Яғни күз-қыс мергілінде қар нормадан жоғары түсті. Облыс бойынша қардың биіктігі орташа есеппен 32 см, бұл тиісті мөлшерден бір жарым есеге артық. Қардағы су қоры межелден екі есеге артып, 48 мм нормада 105 мм құрайды.
Е. Теменовтың айтуынша, қалада су басудың алдын алу үшін қала көшелерінен қарды тасып шығару қарқынды жүруде. 450 куб метрден артық қар қала сыртына шығарылды. Сонымен бірге жалпы арақашықтығы 6,5 км нөсер мен егірен суды ағызатын 5 объектінің құрылысы аяқталды.
Кеңесте «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» басшысы Г. Оспанбекова ірі су қоймаларын балық шаруашылық маңызы бар су айдыны ретінде бекіту мәселесіне назар аударуды өтінді. Бұл ТЖ кезінде балықтар мекендейтін ортаның бұзылуы мүмкін болғандықтан маңызды. Сондай-ақ бұл үшін ешкімнің жауапкершілікке тартылмайтыны да бар. Ал гидротехникалық құрылыстар болып келетін су қоймаларының жайы ше? Оларды балық шаруашылық маңызы бар объектілер тізімінен шығару қажет. Бұл су қаймалары облыс тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін және осы өзеннің экологиялық теңдігін ұстап тұруға ықпал болар еді.
Талғат Кәкімов көктемгі су тасқыны мезгілінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін іс-шараларды алдын ала ұйымдастыру, сондай-ақ өңірдің су қоймаларындағы қар туралы күнделікті ақпаратты жинауды жалғастыру қажеттілігін атап кетті.
Қостанай облысының ТЖД ТЖ алдын алу
бөлімінің бас маманы О. Карпова