Үш күн болды – із-түссіз

Денисов ауданының 26 жастағы тұрғыны Сабина Жүнісбекованың хабарын ата-анасы үшінші күн біле алмай отыр. Бұл жайында alau.kz редакциясына қыздың туыс-туғандары хабарласқан.сабинаОлардың сөзінше, Сабина үш күн бұрын Астана қаласында жоғалып кеткен. Ол желтоқсан айында елордаға жұмыс іздеуге барған екен. Барғалы бері туған-туыстарымен байланыс үзіп көрмеген. 
Алайда Сабинаның әкесі 16 қаңтарда қоңырау шалғанда тұтқаны бөгде әйел көтерген. Бейтаныс адам өзін дәріхана қызметкері деп таныстырып, сол маңайда жол-көлік оқиғасы болғанын айтыпты. Оның жеткізуінше, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды автокөлік қағып кеткен. Куәгерлер жапа шегушінің жан-жаққа шашылған заттарын жинаумен әлектеніп жатқанда әлгі көлік қызды алып кеткен. Шубасын, сөмкесін және телефонын бұл әйел дәріханаға әкеліп қойыпты. Қызды салып әкеткен көліктің маркасын да, нөмірін де ешкім есінде сақтап үлгермеген. 
Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Сәбинаның ата-анасының айтуынша, ЖКО 16 қаңтарда сағат шамамен 21.00-де Есіл ауданында, Алматы көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы қиылысына жақын жерде болған. Астанадағы туыстары жол апаты және қыздың жоғалу дерегі бойынша полицейлерге арыз беріп қойған.
Сәбинаның қазіргі мекенжайы туралы ақпараты бар адамдарыдың бәрінен ата-анасы мына нөмірлерге хабарлауды өтінеді: 8 705 452 01 89 немесе 102.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓