Мал иесі айыппұл арқалады

Қостанайлық полицейлер жайылымда жүрген 18 жылқыны тапты. Бұған дейін Аманкелді ауданындағы шаруашылық иесі бірнеше рет полицияға жылқыларының жоғалғаны туралы арыз жазған. Без названия (2)Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Құмкешу ауылынан 18 шақырым жерде жайылып жүрген 18 жылқыны тапты. Полиция үй жануарына салғырт қараған шаруашылық иесін жазаға тартты.
Вветеринария саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін» ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл – 20 АЕК құрайды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары үй жануарларына арнайы чип тағуды ұсынады. Себебі, жыл басынан бері жайылымда, қараусыз жүрген 54 жануар табылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓