Баланы көлік қақты
Қостанай қаласында «ВАЗ – 21065» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
«Қостанай қаласында 27 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21065» маркалы автокөлігімен жолдың жүру бөлігінен жүгіріп өткен 8 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы бойынша Қостанай қаласы ІІБ «Солтүстік» полиция бөлімі қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады», – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.
Жаяу жүргінші алған дене жарақаттары салдарынан Қостанай қалалық ауруханасында көз жұмды. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізуші мас күйде болмаған.