Айыптыға – лайықты жаза
Қарасу ауданының тұрғыны алимент төлемегін үшін қамауға алынды. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қасақана борышкерге қатысты істі №2 аудандық сот қараған.Балиғатқа толмаған баласының алдындағы борышынан бұл жолы әйел адам жалтарып отыр. Ол әкесімен қалған кішкентай қызын бағып-қағуға қажетті қарызды біржола төлемей кеткен.
"Бұған дейін, бұрынғы жұбайының арызы бойынша, одан алиментті өндіріп алу туралы сот бұйрығы шыққан болатын. Жұмыспен қамту орталығынан алынған анықтамаға сенсек, әйел ешқандай жерде жұмыс істемейді, жұмыссыз ретінде есепте тіркелмеген, сөйте тұра сот актісін орындауға еш шара қолданбайды", – деп жазылады хабарламада.
Іс материалдарын тергей келген сот оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 1 тәулікке қамауға алу шешімін шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Іс материалдарын тергей келген сот оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 1 тәулікке қамауға алу шешімін шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.