Киік атқандар ұсталды
«38 жастағы аудан тұрғыны Байтұрсын ауылынан 15 шақырым жердегі Қарасор өзені маңында ұсталды. Тексеру кезінде құқық қорғау органдарының өкілдері киіктің терісін, аңшы қаруларын, 12 калибрьдің 2 патронын тауып, тәркіледі»,- дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабымен (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қостанай облысының полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Талғат Ахметовтің айтуынша, қазіргі уақытта өңірде қажетті техникамен жабдықталған мобильді топтар құрылып, жұмыс істеуде. Олар ақбөкеннің бетпақдала популяциясын мекендейтін өңірін де патрульдейді.