Өз-өзіне қол жұмсау жиілеген

Қазақстан бойынша  суицидке барған жасөспірімдер саны жөнінен Қостанай облысы екінші орында тұр. Жыл басынан бері өңірде 60 жеткіншек өз-өзіне қол жұмсаған.
Қаралы тізімнің көшін Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр: 104 жасөспірім өмірлеріне балта шапқан. Ал, Қостанай облысындағы көрсеткіш қайта жылдағыдан азайғаны. Өткен жылы 397 қайғылы оқиға тіркелсе, 2013 жылы бұдан 10%-ға жоғары болған. 4949121
Жастар саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов атап өткендей, мұндай жағдай қалалық жерлерде жиі болады екен.
-Суицидке 18-24 жас арасындағы азаматтар барады. Бұл білім іздеп, тіршілік қамын ойлап жүрген жастар. Негізгі себептері – жақын туысқандарымен жараспау. Нақтылай түскенде, ажырасу  – 23,7%, тұрмыстық жағдайдың нашарлығы  – 12,8%, жалғыздық пен қоғамнан сырт айналу  – 7,8%, материалдық жоқшылық пен қарыздар  – 5%. Суицидтің басым көпшілігі осы төрт жағдайлар төңірегінде тіркелетінін алға тартады мамандар.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓