Экстремизм мен терроризмге шатылғандар елге кіргізілмейді!
Бұдан былай елімізге келетін шетелдіктердің лаңкестік пен экс-тремизмге қатысы бар нышаны байқалса ел аумағына кіруге тыйым салынады. Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов "Бұл норма Экстремизм мен терроризмге қарсылық мәселесі бойынша заңдағы өзгертулерге негізделген", – деп мәлімдеді. Оның сөзінен ұлттық қауіпсіздік комитеті осы заң жобасы аясында экстремистік ұйымдар мен лаңкестер тізімін жасайтындығы мәлім болды.
Ш. АҢСАҒАНҚЫЗЫ.