Биылғы меже – 330 мың шаршы метр

Podpisanie_dogovora_Dolevogo_uchastiya_na_chto_stoit_obratit_vnimanieӨткен жылы өңірімізде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы ойдағыдай. 299,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 2017 жылға қарағанда, 13 пайызға артық орындалып отыр. Оның ішінде жалдамалы баспана бойынша 507, несие бойынша 1126, коммерциялық және жеке тұрғын үй бойынша 1539 пәтер салынды. Бұл туралы өңірлік әкімдікте өткен жиында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қатарбеков мәлімдеді.
– Былтыр пилоттық жоба бойынша Қостанай ауданының Заречный елдімекенінде біркелкі типте салынған 165 баспана (18,2 мың шаршы метр) жеке тұрғын үй пайдаланауға берілді. Биыл 12,5 мың шаршы метр болатын 114 үй тұрғындар игілігіне беріледі деп жоспарлап отырмыз. Қостанайдың «Әуежай» шағын ауданында өткен жылы 70 мың шаршы метрлік 12 көп қабатты тұрғын үй (1017 пәтер) салынса, биыл 468 пәтерлік 7 үйдің (жалпы ауданы 32,9 мың шаршы метр) құрылысы аяқталады. Ал «Юбилейный» ауданында өткен жылы 11 көп қабатты үй салынып, пайдалануға берілсе, биыл бюджет есебінен 12 (78,4 мың шаршы метр), «БК-Строй» серіктестігі тарапынан тағы 12 (81,1 мың шаршы метр) көп пәтерлі үйлер салынбақшы. Былтыр әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға 5 көпқабатты жалдамалы тұрғын үй салынған. Биыл осындай 6 үйдің құрылысына 2,6 миллиард теңге бөлініп отыр, – деді басқарма басшысы.
Облыс орталығының «Қонай» шағын ауданында екі жылдан бері жалпы аумағы 96,9 мың шаршы метр болатын 30 көп қабатты үй (1425 пәтер) салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Е.Қатарбеков биыл 18 бюджеттік нысанның (59,5 мың шаршы метр) құрылысы басталады деді. Сонымен биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған тұрғын үйдің жалпы аумағы 330 мың шаршы метрді құрамақ.images (1)
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жоспарды уақтылы орындауға, әсіресе, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуге тапсырма берді. Оған себеп те жоқ емес. Өткен Тәуелсіздік мерекесіне орай облыс орталығында өңір әкімінің қатысуымен тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілті тапсырылғанмен, артынша баспаналардың сапасыздығы жайында шағым түсуде екен. Сол себепті, А.Мұхамбетов қала басшылығына мұндай олқылықтардың салдарын бір апта ішінде жоюға пәрмен беріп, алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына жіті қадағалау жүргізуді тапсырды.    
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓