Ваняның кезекті нокауты (БЕЙНЕ)

Иван Дычко өзінен 20 жас үлкен, яғни 48 жастағы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. дычкоВаняның сегізінші қарсыласы америкалық боксшы Рэй Остин болды. Айқас үш раундқа ғана созылды. Өзінен 20 жас үлкен, салмағы 29 келі ауыр Рэй Остин көпке барған жоқ. Америкалық бұған дейін 29 мәрте жеңіске жетіп, тоғыз рет жеңілген екен. Өзінен жас әрі қайратты Иваннан үшінші раундта техникалық нокаут алып, сәтсіз кездесулер санын онға жеткізді. Ал Дычко барлық кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап келеді.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓