СУ ТАРТУҒА – 15,2 МЛРД ТЕҢГЕ

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және қайта құру жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша кеңес өткізді. Бұл жөнінде ол өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

Биыл «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында сумен жабдықтау және кәріз құбырларын өткізу бойынша 57 жоба жоспарланған (сумен жабдықтау – 46 жоба, су бұру – 11 жоба). Айтулы жобалардың 37-сі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, 20 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 15,2 млрд теңге бөлінді. Қаржы қарқынды игерілуде. Биылдың өзінде, ауылды аймақтарда 22, қалалық жерлерде 9 жоба мәресіне жеткізілуі тиіс. Осылайша, 31 мыңнан астам тұрғыны бар 29 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.  Сондай-ақ, 5 қалада су құбыры желілері мен кәріз жүйелерінің тозған тораптары жөнделетін болады. Қалған 26 жоба 2021 жылғы мәресіне жеткізіледі.

Ауылдарды таза ауыс сумен қамту жұмыстары жалғаса бермек. Қазіргі уақытта 34,1 млрд теңгеге бағаланған 40 жобаның  Сметалық жобалау құжаттары әзірленуде. Жоба жүзеге асырылған жағдайда 72 мыңнан астам тұрғыны бар 67 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сала мамандарының осы және өзге де мәліметтерімен танысқан аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне тиісінше тапсырма жүктеп, жоспарланған жобалардың іске асырылу барысын бақылауда ұстауды және барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓