“Сарқыт” – Қарамеңдіден
Науырзым ауданының Қараменді ауылы да «Сарқыт» қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шара аясында ақ жаулықты аналар ауыл тұрғындарына бұл дәстүрдің мәнін түсіндіріп, сарқыт таратып, жұрттың ықыласына бөленді. Акция «Өмір өзен» атты қайырымдылық концертімен жалғасты. Әулиекөлдік дарындар тегін өнер көрсетті. Шара барысында жиналған қаражат көмекке мұқтаж Динара Иманбаеваның еміне жұмсалатын болады.
