Зауыттың қауырт қарқыны

Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" ЖШС-нің биылғы жоспарлары ауқымды. Біріншіден, қытайлық жаңа компанияның келуімен жұмыс орындары құрылып, тың технологиямен жабдықталады. Естеріңізде болса, екіжақты экономикалық келісімге қол қойылғаннан кейін зауыттың 51%-і қытайлық компанияның еншісіне өткен еді. Екіншіден, былтыр автобус өндірісіне екпін берілсе, енді автокөліктерді әр аймақ климатына қарай жетілдіру жоспары құрылулы. Мәселен, оңтүстік облыстардың тұрғындары үшін қуатты желдеткіш, ал теріскейліктер үшін қосарлы шыныпакеттер орнатылады. Бұған қоса электромобильдер өндірісі де тоқтамайтын болады. Жалпы алғанда, зауыт басшылығының мәліметінше, биыл әртүрлі маркадағы 20 мың машина шығару көзделіп отыр.kolik

4_САП-min

images

автобус

Суреттер архивтен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓