Қазанама
Облыс прокуроры және облыстық прокуратура органдарының қызметкерлері прокуратура органдарының ардагері Искаков Серкеш Ысқақұлының қайтыс болуына байланысты Искаков Болат Серкешұлына және туған-туысқандарына қайғыра көңіл айтады.
Серкеш Ысқақұлы 10.02.1928 жылы туған. 1953 жылы Ленинград институтын бітіріп, КСРО прокуратурасында тергеуші болып жұмыс атқарған.
1953 және 1957 жылдар аралығында Қостанай қалалық прокуратурасында халық тергеушісі болып істеген.
1957 және 1983 жылдар аралығында прокуратураның тергеушісі және Урицкий, Наурызым ауданының және Арқалық қ. прокурорының көмекшісі сияқты әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.
1983 және 1986 жылдар аралығында Семиозер ауданы прокурорының орынбасары лауазымында жұмыс істеп, әділет кеңесшісі сыныптық шенінде құрметті демалысқа шықты.
Тыл еңбеккері және прокуратура органдарының құрметті қызметкері болып табылады.
С.И.Искаковтың қаза болуына байланысты қайғырып, оның туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл білдіреміз.