Облыста – жаңа прокурор

ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен Тимур Сүлейменов Қостанай облысының прокуроры қызметіне тағайындалды. Құқық қызметі органының жаңа басшысын ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды. IMG_4629
IMG_4616
IMG_284658Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов 1975 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін аяқтап, Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығында прокурордың көмекшісі қызметіне орналасады. Осыған дейін Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Өз кезегінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов прокурор жұмысына сәттілік тіледі. 
 
Еңбек жолы:
– 1997 жылдың тамыз – 1998 жылдың ақпан айлары – Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі орталығында прокурордың көмекшісі;
– 1998 жылдың ақпан-шілде айлары – Алматы қаласының Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі;
– 1998 жылдың шілде – 1999 жылдың мамыр айлары – Алматы қаласының Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі;
– 1999 жылдың мамыр-шілде айлары – Алматы қаласы прокуратурасының жедел іздестіру қызметі, тергеу және анықтау заңдылықтарын қадағалау жөніндегі басқарма прокуроры;
– 1999 жылдың шілде-желтоқсан айлары – Алматы қаласы прокуратурасының жедел іздестіру қызметі, тергеу және анықтау заңдылықтарын қадағалау жөніндегі басқарманың аға прокуроры;
– 1999 жылдың желтоқсан – 2001 жылдың ақпан айлары – Алматы прокурорының тергеу изоляторы және уақытша ұстау изоляторын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі;
– 2001 жылдың ақпан – 2002 жылдың наурыз айлары – Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының орынбасары;  
– 2002 жылдың наурыз – 2006 жылдың қараша айлары – Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуроры;   
– 2006 жылдың қараша – 2008 жылдың қыркүйек айлары – Алматы қаласы прокурорының орынбасары;  
– 2008 жылдың қыркүйек – 2013 жылдың қазан айлары – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
Жаңа лауазымға келгенге дейін Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің (2009 жылы) иегері. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓