Азаматтарды қабылдады
Жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Үсенов "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға жеті азамат келіп, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларына және облыстық балалар үйі мен Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттері бойынша жүгінді.
Жеке қабылдауда азаматтарға заң аясында кеңес берілді, сонымен бірге лауазымды тұлғаларға қатысты тексеріс шараларын жүргізу үшін өтініштерді қабылдады.