В.Нечитайло: Бұл – халықты қатерге айдау

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло карантин кезеңіндегі митингілер туралы үндеу жасады.db13088fb6558d21f2df15434ca6025b_XL
"Карантин кезеңінде, әрине, көпшілік қатысатын шаралар өткізуге тыйым салынған. Бұл халық үшін өте қауіпті. Сондықтан соңғы кезде әлеуметтік желілерде таралып жатқан көпшілік шараларға және митингілерге шақыртуларға ермеуге кеңес беремін. Елдегі эпидеиялық жағдайдың жалғасып жатқанына қарамастан, адамдардың өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге итермелеу – барып тұрған жауапсыздық. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жақын байланыстар мен бір жерге топтасудың салдары азаматтардың жаппай дерт жұқтыруына алып келеді. Көптеген қалалар мен елдерде дәл солай болды. Митингілер мен көпшілік жиындар адамдардың ауқымды көлемде кесел жұқтыруына душар етеді. Сол себепті, тағы да заң талаптарын сақтау қажет екенін айтқым келеді, ал заңда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жария еткен пандемия жағдайында, Қазақстандағы жпидемия жағдайында, бас санитарлық дәрігердің шешімі міндетті болып саналады, оны бұзу әкімшілік шаралар қолдануға әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай шараларды ұйымдастырушыларға айтарым, бұл жоспарларыңызды кейінге қалдыра тұрыңыздар. Бүгінгі таңда бұл деген – халықты қауіпті іс-шараларға шақыртумен, халықты қатерге айдаумен тең, өйткені ауру оқыстан жаппай тарауы мүмкін. Біз мұндай митингілер өткізуге түбегейлі қарсымыз. Заң қатаң қадағалануы тиіс", – деді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓