ҚАУІПТІ ҚАЙДАН ДЕМЕҢІЗ

Қыс кәріне мінгелі жылыту құралдарынан шығар өрт жиілей түсті. Тілсіз жаудың дені электр жылыту құралдарының ақаулығынан, пештің дұрыс салынбауынан болуда. Осының барлығы қарапайым қауіпсіздік шараларының сақталмауы, тұрғындардың немқұрайлылығы.
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Қауіптің алдын алу мақсатында, Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс орталығындағы Лермонтов көшесінде рейд жұмыстарын жүргізді. Сала мамандары қалалықтарды жылыту құралдарын қолданудағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, оттан абай болуға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Төтенше жағдайлар департаменті мұндай іс-шараларды жыл сайын, мерзімді түрде жүргізіп отырады. Мәселен, былтырғы жылы олар 31 045 ауланы аралап, 86 100 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Сондай-ақ, 14 502 адамның қатысуымен 421 жиналыс өткізген.
Осыған қарамастан, өткен жылы Тобыл өңірінде 1 130 өрт тіркелген (бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3% – ға кем). Ал тұрғын үй секторында 747 өрт болыпты. (былтырғы жылмен салыстырғанда 6% – ға азайды).
Өрт сөндірушілер тұрмыстық сектор тұрғындарына пешті уақытылы тексеру және ақауларды жою, жылыту маусымы басталар алдында пештің түтін мұржасын күйеден тазарту қажеттілігі туралы еске салды.
  Өрт сөндіру департаменті саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы С. Бекмағамбетовтің айтуынша, Қостанай облысының барлық аудандарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Инспекторлар халықпен әңгімелесіп, жадынамалар таратып жүрген көрінеді.
 
Ж.Кәкімжанов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓