Облыс басшылығы көңіл айтады

Doktor-umerla2019 жылдың 14 қаңтарында 59 жасында Қостанай облыстық ауруханасының Жақ-бет сүйегі бөлімшесінің дәрігер-отоларингологы Жетпісбаева Әлия Тоқтарқызы мезгілсіз өмірден өтті.
Әлия Тоқтарқызы «Оториноларингология (сурдология) (ересектер)» мамандығы бойынша жоғары санатты білікті дәрігер болатын. 1995 жылдан бері Қостанай облыстық ауруханасында жұмыс істеді. Оның денсаулық сақтау саласындағы жалпы жұмыс өтілі 35 жылды құрады.
Сенімді жолдас және тәлімгер, тамаша әріптес, пациенттер мен дәрігерлерге ілтипатты, тәжірибелі кәсіби шебер, еңбексүйгіш қызметкер болды. Бірнеше мәрте аурухана әкімшілігінің алғыстарымен атап өтілді.
 Қызметкерлермен әдепті, науқастар мен туған-туыстарына ілтипатты болды, ұжымда лайықты құрметке бөленді. Жас мамандардың бойына жұмыс тәжірибесін дарытты, оларға науқастарды емдеу жөнінен дұрыс шешім қабылдауларына және практикалық дағды-машықтарын дамытуларына көмектесті. Кішіпейілділігімен, еңбексүйгіштігімен ұжымның зор құрметіне ие болды.
Ә.Т. Жетпісбаеваның қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
 
 
Мұхамбетов А.Б., Ещанов С.Е., Нұрмұхамбетов Ғ.Т., Жүндібаев М.Қ.,
Карплюк С.А., Мырзалиев М.И., Спанов Е.М., Әбенов А.Т., Жақыпов Б.Ш.,
Бекмағамбетов О.А., Дудник В.Ю.,  Дәуітбаев Е.К.,
Моисеев Ю.С., Белобржицкий И.В., Стельмах В.В.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓